Біз Сізге “Думан” қонақ үй кешені жөнінде жалпы мәлімет беруге қуаныштымыз.

Жалпы мәлімет

Жалпы мәлімет “Думан” қонақ үй кешені Астананың әкімшілік аумағында, Астана Халықаралық аэропортынан 15 шақырым жерде орналасқан. Қонақ үй кешенінде 213 жайлы нөмерлер, мейрамханалар, барлар, конференция залдары, жеке кинотеатр және боулинг, көрме павильоны, түнгі клуб, бильярд, үстел теннисі, сауда пассажы, сонымен қатар Fitness орталық бар.

Нөмерлер
“Думан” қонақ үй кешенінде 213 жайлы нөмер бар, олардың 168 стандартты нөмер, 30 бір жатын бөлмесі бар люкс нөмері, 13 екі жатын бөлмесі бар люкс нөмері және 2 Президенттік нөмер. Әрбір нөмерде жылдам мүмкіндікті интернет байланысы, мини бар мен ауа салқындатудың жеке жүйесі қарастырылған. Люкс нөмерлерінде сейфтер бар
 
Мейрамханалар мен барлар

“Думан” қонақ үй кешені аумуғында ұлттық және еуропа асханасы бар 2 мейрамхана және 3 бар орналасқан. Банкет залдары әртүрлі іс – шаралар өткізуге ыңғайлы келеді.

Конференц залдар қызметі
Кешеннің ішіне 3 конференц залы кіреді, олар конференция, тренингтер, көрмелер, келіссөздер мен басқа да іс – шаралар өткізуге ыңғайлы. Қазіргі заманғы бейне және дыбыстық жабдықтар 10 – 2000 адамға іс – шаралар өткізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, іскер адамдар барлық қажетті оргтехникамен жабдықталған біздің бизнес – орталығымыздың қызметін пайдалана алады.
 
Демалыс пен көңіл көтеру

Қазіргі заманғы стандарттарға сәйкес жабдықталған біздің Fitness орталығымыз Сіздің өмірлік күшіңізді қалпына келтіріп, стресстен құтылуға және ағзаңызды жасартуға мүмкіндік береді. Сізге фин хауызы, орыс моншасы мен Хамам түрік моншасы усынылады. Сонымен қатар, боулинг, бильярд, екі кинозал, үстел теннисі, сквош және түнгі клубта көңіл көтеруіңізге болады.

 
  БӨЛМЕ ТҮРІ
БАҒАСЫ
  СТАНДАРТТЫ НӨМЕР/БІР ОРЫНДЫ
18 000
  БІР ЖАТЫН БӨЛМЕСІ БАР ЛЮКС
23 500
  ЕКІ ЖАТЫН БӨЛМЕСІ БАР ЛЮКС
33 500
  ПРЕЗИДЕНТТІК НӨМЕР
90 000
10 жасқа дейінгі балалар ата-аналарының нөмерінде тегін тұрады
 
 
Біз тек қана қызықты мәлімет ұсынамыз
 
     
 
 
Осы сайттар қызметін пайдалана отырып, өзіңізге ыңғайлы авиарейсті таңдаңыз
 
   
 
немесе жәй ғана авиаагенттікке қоңырау шалыңыз

 

  • Отрар Трэвел
    пр. Республики, 9
    +7 (7172) 213221

  • ВОКРУГ СВЕТА
    ул.Московская, 58-5
    75-78-72, 75-86-85